Бас жаңалықтар
Елордада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған марафон өтеді
23 Тамыз 2019, 11:24 228

Елордада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған марафон өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астанада Мейкатон «TOM: NUR-SULTAN» халықаралық әлеуметтік жобасы басталады. Бұл туралы Назарбаев Университетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мейкатон – бұл өнертапқыштар, инженерлер мен дәрігерлер (мейкерлер – makers) мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірін жеңілдетуге арналған (нидноуерлер - need knowers) құрылғы жасайтын 72 сағаттық марафон. Басты қағидасы – технология синергиясы мен нидноуерлердің өмірдегі нақты қиындықтарын шешуге бейімділік.

7O6A8235.jpg

«Алдында өткен мейкатондарда қазақстандық мейкерлер тірек-қимыл жүйесінде ақауы бар жандарды оңалтуға арналған экзоқаңқа, нашар еститіндер үшін түрлі тұрмыстық жағдайларды бағдарлауға арналған білезік, көруі бұзылған адамдарға арналған smart-аяқ-киім және тағы басқалары сияқты көптеген шешімдер ұсынған болатын», - делінген хабарламада.

7O6A8259.jpg

Ауқымды мейкатон өткізу алаңы қызметін Назарбаев Университеті Инновациялық кластерінің «Fab Lab» цифрлық прототиптеу зертханасы атқарады. Зертхана технологиялық зерттемелер жүргізуге арналған заманауи және қуатты құрал-жабдықтармен, ерекше білдектермен, 3D-модельдеуге арналған бағдарламалық қамсыздандырумен жарақталған.

Мейкатон «ТОМ:NUR-SULTAN» жобасының ұйымдастырушылары мыналар: Назарбаев Университетінің Инновациялық кластері (NURIS), «Астана Жастары» Жастар ресурстық орталығы, Қазақстандағы Тель-Авив университетінің Достар қауымдастығы және Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі болып табылады.

7O6A8799.jpg

Өтінімдерді қабылдау 15 тамызда басталды және www.kazakhstan.tomglobal.org сайтында 15 қыркүйекте аяқталады.

16 қыркүйекте төрешілердің құзыретті құрамы өтінімдерді іріктейді және 17 қыркүйекте нәтижелер белгілі болады. Тамақтандыру, сондай-ақ прототиптерді дайындауға арналған құрал-саймандар мен материалдарды ұйымдастырушылар ұсынады.

Іріктеу критерийлері:

●     Тек Нұр-Сұлтан қаласынан келген командалар қатыса алады.

●     Өтінімді 3-5 адамнан құралған команда, не жекелеген кандидаттар бере алады.

●     Жастары мен мамандықтары бойынша шектеулер жоқ. 

7O6A8787.jpg

PreTOM Мейкатонының бірінші кезеңі 20 қыркүйекте өткізіледі. Бұл команданың нидноуерлермен алғашқы кездесуі болады, онда идеялар және оларды прототипке айналдыру тәсілдері жасалады.

TOM Мейкатонының екінші кезеңі 25 қазанда басталады. Бұл прототип жасау жолындағы үздіксіз 72 сағаттық жұмыс. Бұл кезеңде командалар жасалып болған идеяларымен PreTOM-нан кейін бір айдан соң кездеседі.

Ұйымдастырушылар Нұр-Сұлтан қаласының жаңалыққа бей-жай қарамайтын және өте белсенді тұрғындарының барлығын мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірін сапалы жақсартуға арналған жобаға қосылуға шақырады.


Фото: дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық