Елордада Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ қиылысында көлік қозғалысы жартылай жабылады

27 Шілде 2021, 19:12
2004
Бөлісу:
Елордада Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ қиылысында көлік қозғалысы жартылай жабылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұр-Сұлтан қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Сығанақ көшесі мен Мәңгілік Ел даңғылы қиылысында жол жөндеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жол-жөндеу жұмыстарына байланысты осы жылдың 27-29 шілде аралығында М3 көпірінен Мәңгілік Ел даңғылына қарай оң жақ бұрылыс съезінде, сондай-ақ, Мәңгілік Ел даңғылынан Сығанақ көшесіне қарай оң жақ бұрылыс съезінде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.

Қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды өтінеміз, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы