Бас жаңалықтар
Елордада әлеуметтік тұрғын үйлер қолжетімді болады
02 Маусым 2020, 03:26 321

Елордада әлеуметтік тұрғын үйлер қолжетімді болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қарапайым заттар экономикасын" дамыту, инвесторларды қолдау, үй құрылысы комбинатының жұмысын жаңарту, құрылыс кәсіпорындарының қуатын арттыру. Елорда әкімдігі аталған бағыттар бойынша тұрғын үй құрылысының көлемі мен сапасын арттыруға жағдай туғызады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Мысалы, бетон және цемент өндіру зауыты "Center Beton Company" ЖШС шығарылатын өнім қуатын жылына 400 текше метрге дейін көбейтті, сондай-ақ шығарылатын өнім көлемін елорданың басқа да кәсіпорындары арттырды.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, тұрғын үй құрылысына ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.
Биыл қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайтамыз. "Қолжетімді жерде орналасу" қағидасы ескерілетін болады. Тұрғын үй ғимаратының бірінші қабаттарында дүкен емес, медициналық орталықтар, полиция пункттері, оңалту орталықтары, балабақшалар салынатын болады. Қолжетімді тұрғын үй салу үшін GLB үй құрылысы комбинаты қайта іске қосылды. Комбинаттың кәсіпорын қызметкерлері алдында 600 млн теңгеден астам және кредиторларға қарызы болған. Мемлекет қолдауының арқасында бұл сома өтеліп, бірқатар күрделі мәселелер шешілді. Бұл жұмыстардың барлығы салынбай тұрған нысандардың құрылысын аяқтау мен қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемін арттыру үшін жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ жұмыс орыны сақталып қалды. Үй құрылысы комбинатының артықшылығы – модульді құрылыс үйлердің сапасына нұқсан келтірмей шаршы метрдің өзіндік құнын төмендетуге және ғимараттарды тұрғызу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жазда тағы бір үй құрылысы комбинаты іске қосылады, – деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Инвестициялық кеңесте қала әкімдігі құрылыс материалдарын шығаратын нысандар мен зауыттар құрылысы секілді жобаларға қолдау көрсетті.


Фото: дереккөз
Загрузка...