Бас жаңалықтар
Елордада әлемдік Start-up жобалар сайысы өтеді
16 Қараша 2019, 12:15 758

Елордада әлемдік Start-up жобалар сайысы өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарашаның 20 мен 22 аралығында Нұр-Сұлтанда Seedstars Summit CEE 2019 өтеді. Отандық Start-up жобалар жаһандық саммитке қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Саммитке Орталық-Шығыс Еуропа және Орталық Азиядан 20-дан астам стартаптар қатысып, олар бизнес саласындағы өздерінің жобаларын инвесторлар мен сарапшылар назарына ұсынады.

Бұл елорда үшін өзінің стартап-жобаларын дамыту әлеуетін көрсетуге тамаша мүмкіндік. Біз әлеуетті кәсіпкерлердің маңызды тобын құрып жатырмыз және Seedstars қолдауымен үлкен кәсіпкерлер пулына қол жеткіземіз деп сенеміз, - деді "Астана Innovations" АҚ-ның инновациялық экожүйені дамыту орталығының басшысы Жасұлан Кенжеғалиев.
Самиттің екінші күні инвесторлар форумы өтеді, онда компанияның 20-дан атам жоғары білікті сарапшылары мен құрылтайшылары стартап иелерімен кездесулер өткізеді. Самиттің арнайы қонағы Espree Devora "WomenInTech" подкастын тікелей эфирде өткізу үшін Қазақстанға Лос-Анджелестен келеді. Ол Америка Құрама Штаттарынан Орталық-Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы әйелдер кәсіпкерлігі мен мүмкіндіктерін талқылайды.
Нұр Сұлтандағы өңірлік саммит аясында жергілікті мамандар пайдалы байланыстар орнатып, әртүрлі елдердің сарапшыларымен өзекті мәселелерді талқылауға, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықтың әлеуетті мүмкіндіктері туралы келісуге мүмкіндік алады. Іс-шара стартап экожүйесінің жергілікті ойыншыларына өздерінің жобалары мен идеяларын инвесторларға ұсынуға және өздері мен елдері үшін жаңа мүмкіндіктер алуға мүмкіндік береді, -  деді Seedstars CEE & Central Asia өңірлік менеджері Агахусейн Ахмадов.
Seedstars World Tour шеңберінде ұйымдастырған стартап сайыста жеңімпаз атанған "Biometric" қазақстандық стартап осы іс-шарада еліміздің атынан сайсатын болады.  "Biometric" - бұл адамды биометриялық сәйкестендіруге арналған терминалдар.

Саммтит қорытындысы бойынша Швейцарияның Лозанна қаласында өтетін бас жүлдесі 500 000 АҚШ доллары болатын Seedstars Summit 2020-ға қатысу үшін ең озық стартаптар іріктелетін болады.



Фото: дереккөз
Загрузка...