Елордада «Өлең мен өрен» әдеби кеші өтті

29 Сәуір 2019, 11:39
4617
Бөлісу:
Елордада «Өлең мен өрен» әдеби кеші өтті
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әдеби-сазды поэзия кешінде оқушылар мен белгілі ақындар сахнада қатар тұрып өлең оқыды.

Оқушылар сарайында өткен әдеби-сазды кештің басты мақсаты жас буынды өлең-сөзге баулып, жыр арқылы жүрегіне патриоттық сезім мен өлеңге деген сүйіспеншілігін ояту. Ұстаздар баланың бойындағы қабілетті ашып, рухани дамытудың маңыздылығын еркеше атап өтті. 

Елордада «Өлең мен өрен» әдеби кеші өтті

«Бүгінгі таңда балалардың рухани дамуына үлкен мән беруіміз керек. Біз ұлттық тәрбиені қалыптастырып, баланың бойында өзінің еліне, жеріне деген сүйіспеншілікті тәрбиелеп, бойына сіңіруіміз керек. Оның бірден бір жолы балаларға ақындардың өлеңдерін жаттатып, поэзияны оқыта отырып тәрбилеу. Осы "Жас қаламгер" үйірмесіне поэзияға жаны құмар балалар келіп қатысып, қабілетін дамытады. Балалар шығармашылығын дамытып, үлкен ақындармен кездесу арқылы үлкен үлгі-өнеге алып, елкітейді. Бұл кешке белгілі ақындар Дәулеткерей Кәпұлы, Серікзат Дүйсенғазин, Қалқаман Сарин сынды ақындардың келуі кештің сапасын да мәртебесін де арттырды", - деді Оқушылар сарайының директоры Ербол Іргебай.

Елордада «Өлең мен өрен» әдеби кеші өтті

Кештің ерекше форматы ақын мен оқушының бірлесіп сахнада өлең оқуы болды. Ақындар қауымы бұл бастама бала бойындағы қара өлеңге деген қызығушылықты арттыра түсетінін еркеше атап өтті.

Елордада «Өлең мен өрен» әдеби кеші өтті

«Бүгін Оқушылар сарайында керемет кеш өтті. Әрине балалар біздің шығармаларымызды оқиды, бірақ ақынның өзімен кездесуі өте ерекше әсер береді. Осылайша көптеген балалардың шығармашылығы ашылады. Балалардың өздері де өте қатты қуанып жүр. Бұл өте қажет шара, балардың өзінің жақсы көретін ақындарымен кезесуі, бір сахнада тұрып өлең оқуы бұл өте тамаша дүние, бала үшін өте үлкен стимул. Мысалы келешекте бұл шара фестиваль ретінде өтсе, тіпті тамаша болар еді. Оқушылар сарайы бастама жасаса жақсы болар еді деп ойлаймын», - дейді ақын Серікзат Дүйсенғазин.

Елордада «Өлең мен өрен» әдеби кеші өтті

Поэзия кешіне Өскемен, Қостанай, Қарағанды, Арқалық, Көкшетау, Нұр-Сұлтан қалаларынан ақындар қатысты. Ақындар қазіргі жастардың әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығының төмендеп кеткен уақытында, мұндай шаралардың маңызы зор екенін атап өтті.

Елордада «Өлең мен өрен» әдеби кеші өтті

«Қазақтың ұлттық тілі өлең деп Қадыр Мырзалиев айтқан еді, қазақтың құндылығын бала бойына сіңірудің бірден-бір төте жолы ол – өлең. Өлеңмен жатталған дүние баланың жадысынан ешқашан өшпейді және сол арқылы бойына сіңеді. Жақсы бір мысал, соңы бірнеше жылдан бері балаларға Алпамысты жаттатып жатыр. Жалпы балалардың өлең оқуы, ақындармен кездесуі, бұл балаларды әдебиетке қызығуға жетелеп, талпынысын арттырады. Бұрындары балалар әдебиетті жақсы оқитын. Қазіргі уақытта көбіне балалар әдебиетті оқи бермейді. Мүмкін қызыуғышылықтары басқа жаққа ауып жатқан болар. Ал осындай үйірмелер арқылы балаларды қызықтырып, талпынысын арттыру керек», - деді ақын Ұларбек Нұрғалымұлы.

Елордада «Өлең мен өрен» әдеби кеші өтті

Өзгелердің жаңалығы