Елордада құлақтандыру жүйелері тексеріледі

10 Сәуір 2019, 13:19
1694
Бөлісу:
Елордада құлақтандыру жүйелері тексеріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД хабарлады.

«Қымбатты қала тұрғындары мен қонақтары, ағымдағы жылғы 11 сәуірінде 09 сағат 55 минутта теле-радио арналарды ұстап қалумен, электродабылдарын қосу арқылы Нұр-Сұлтан қаласының құлақтандыру жүйелерін тексерісі жүргізіледі» , - делінген таратылған ақпаратта.

Еске саламыз, төтенше жағдай орын алған кезде немесе төтенше жағдайдың орын алуына қауіп төнген кезде электродабылдар немесе басқа да дабыл құралдары қосылады, ол «Баршаңыздың назарына!» біріңғай құлақтандыру дабылын білдіреді. Бұл дабылды естіген кезде тұрғындар міндетті түрде қолайлы ақпарат қабылдау құралдарын (теледидарлар, радиолар және т.б.) іс-әрекеттер туралы нұсқаулар мен ақпарат алу үшін қосулары керек.

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ департаменті қала тұрғындарын сабырлық сақтап, үрейленбеуге шақырады. 

Өзгелердің жаңалығы