Елордада қысқа мерзімді курс оқу мен бизнес үшін грантқа қол жеткізудің жолдары айтылды

21 Сәуір 2021, 12:40
2462
Бөлісу:
Елордада қысқа мерзімді курс оқу мен бизнес үшін грантқа қол жеткізудің жолдары айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елорда әкімдігінде өткен онлайн брифингте "Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ директоры Азамат Байтасов айтып берді.

Оның айтуынша, орталық "Еңбек" жаппай кәсіпкерлікті дамыту мен "Жұмыспен қамтудың жол картасы" мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыруда. Солардың бірі "Еңбек" жаппай кәсіпкерлікті дамыту мен жұмыспен қамту бағдарламасы арқылы кәсіптік оқу, бизнес идеяларды жүзеге асыру, "Бастау бизнес" жобасына жолдама алу, "Жастар практикасы" бойынша жұмысқа орналасу, әлеуметтік, қоғамдық жұмыстарға жолдама алу мүмкіндігі қарастырылған.

Курстарға келер болсақ, кәсіптік оқу - жұмыссыз жүрген азаматтарға еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа мамандықты игеруге арналған. Курсты оқу тегін. Оқу мерзімі мамандыққа байланысты 1-3 ай аралығында жүргізіледі. Оқу мерзімі аяқталғанша мемлекет тарапынан 21700 теңге көлемінде шәкіртақы төленеді. Сонымен қатар медициналық комиссияны өтуге 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде өтемақы төленеді. Ол 45800 теңге. Қазіргі күні жұмыссыз азаматтардан наубайшы, тігінші, кассир бақылаушы, кондитер, кран машинсі, техник-электрик мамандықтары бойынша білім алуға өтініштер қабылдануда. 200 адамды оқыту жоспарланған, қазігі күні 120 адам оқып жатыр. Оқу аяқтаған соң жұмысқа орналасуға көмек береміз, -деді ол.

Сонымен қатар ол жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға арналаған грант алу жолдары туралы айтып берді.

Грант көлемі 200 айлық есептік көрсеткіш, демек 583 мың теңге көлемінде. Оны алу үшін "Еңбек" бағдарламасы бойынша қысқа мерзіміді курсты оқып біріту немесе "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бизнес негіздерін оқып, өтініш беру қажет. Бұл грантты технологиялық жабдықтарды, еңбек құралдарын, құстар мен жануарларды, тұқым мен өсімдік сатып алуға, коммерциялық нысанды жалға алуға пайдалануға болады. Жоспар бойынша бұл грантпен 400 азамат қамтылуы тиіс. Қазіргі күні грант алған 65 азамат бар, -деп атап өтті ол.



Өзгелердің жаңалығы