Елордада күн сайын Pfizer-дің қанша дозасы салынуда?
17 Қараша 2021, 15:26 71

Елордада күн сайын Pfizer-дің қанша дозасы салынуда?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов хабарлады. Оның айтуынша, күніне әзірге екпенің 500 дозасы салынуда.

Екі күннің ішінде 930 доза екпе егілді. Күніне әзірге 500 дозадан шығуда деп ойлаймын. Бұл әлі жұмыстың басы ғой. Болашақта әлі де өсуі мүмкін, - деді Тимур Мұратов.

Сондай-ақ ведомство басшысы Pfizer вакцинасын ақылы түрде алғысы келетіндер үшін екпенің қашан келетініне қатысты пікір білдірді.

Тұрғындар арасында америкалық вакцинаны алғысы келетіндер өте көп. Бұл туралы естіп жатырмыз. Қазіргі таңда Денсаулық сақтау министрлігі бұл мәселені қарастырып жатыр. Жақын уақытта оның бағасы мен қалай, қай жерде жасалатыны туралы хабарлайтын боламыз, - деп атап өтті қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілі.

Бүгін Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният пен Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова және елордалық денсаулық сақтау басқармасы қаладағы №71 мектеп-лицейге барып, балалар вакцинациясының қалай өтіп жатқанын тексерді.

Еске сала кетейік, елордада Pfizer вакцинасын салдырғандардың басым көпшілігі – балалар екені белгілі болды.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...