Бас жаңалықтар
Елордада көршінің контейнерін ұрлаған күдікті ұсталды
24 Шілде 2021, 13:17 289

Елордада көршінің контейнерін ұрлаған күдікті ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда тұрғыны көршісінің контейнерін ұрлап кеткен. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Көршілерінің үйінде жоқ сәтін пайдаланған ер адам, манипулятор көлігін жалдап, өзін үй иесі ретінде таныстыра отырып, үлкен металды қоқыс-контейнерін артып алып кеткен, - делінген хабарламада.

Құны 800 мың теңге тұратын ұрланған контейнерді қала тұрғыны металл сынықтарын қабылдау пунктіне тапсырған.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері 36 жастағы күдіктіні ұстады. Ұрланған контейнер иесіне қайтарылды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта ұсталған адамның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр, - деді полиция.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті қала тұрғындарына үйлер мен кіреберістерді бейнебақылау камераларымен жабдықтауды, есіктерді берік құлыптармен нығайтуды және пәтерлерді күзет дабылдарымен жабдықтауды ұсынады.


Фото: дереккөз
Загрузка...