Елордада коронавирустың клиникалық сипаты өзгерген

30 Маусым 2021, 11:07
1857
Бөлісу:
Елордада коронавирустың клиникалық сипаты өзгерген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ШЖҚ МҚК «Көпбейінді медициналық орталық» директорының орынбасары Сәуле Атығаева айтты.

Оның айтуынша, өкпесінің 5-6 пайыздық қабынуымен түскен жандардың арасында ем қолданылған күннің өзінде үш-төрт тәуілік өтпей, өкпелері 60-70 пайызға қабынып кету жағдайлары да бар.

Сонымен қатар аурудың клиникалық сипаты да біршама өзгерді. Өкпенің қабынуынан бөлек науқастардың ми, буын, жүйке жүйесінің де вирус салдарынан қабынуы да байқалуда. Соңғы бес айдағы вирусты жұқтыру мен одан көз жұму көрсеткішін сараптай келе, жастар арасында жұқтыру жағдайларының өскенін байқадық. Сәуір айымен салыстырғанда маусымның соңғы 25 күнінде аурудың ауыр ағымымен стационарға түсетіндердің басым көпшілігі 30-40 жас аралығындағы жандар. Сонымен қатар реанимацияға түсетіндердің жасы да сәуір айымен салыстырғанда он жасқа төмен. Реанимациялық төсек орынның жүктемесі де 65 пайызға артты. Бүгінгі күні вирустан көз жұмушылар арасында да жастардың басым екені байқалып отыр. Сәуірмен салыстарғанда олардың жасы бес жасқа төмендеген. Осыдан шығатын қорытынды вирус жұқтырушылар мен одан көз жұмушылардың жасы біршама жасарды. Бұрын ол тек жас келген адамдар арасында жиі тіркелсе, бүгінгі күні жастар да сыртқатты ауыр көтеруде, - деді ол.

Оның айтуынша, осыдан шығатын қорытынды - ауруды жеңіл көтеру, реанимациялық жағдайлар мен вирустан болатын өлім-жітімді азайтудың бірден бір жолы вакцинация. Вакцинацияланған адамда вирусты жұқтыру ықтималдығы төмен болуымен қатар, оны жеңіл көтеру мүмкіндігі бар.

Өзгелердің жаңалығы