Елордада коронавирус жұқтырғандар саны азаймай тұр

22 Маусым 2021, 10:04
2969
Бөлісу:
Елордада коронавирус жұқтырғандар саны азаймай тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласы әлі де «қызыл аймақта». Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты. 

Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, 11 өңір «жасыл аймақта» тұр. Қазақстан «сары аймақта». «Жасыл» аймақта: Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары. Ал  «сары» аймақта: Шымкент және Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары бар. Нұр-Сұлтан қаласы әлі де «қызыл аймақта», - деді Денсаулық сақтау министрі. 

Алексей Цойдың айтуына қарағанда соңғы аптада сырқаттанушылық деңгейі 4%-ға өскен. Елдегі 22 маусым күнгі жағдай бойынша 410 523 адам вирус жұқтырған. Оның 386 127-і жазылып шықты. 20 147 адам емделіп жатыр. 4 249 адам қатерлі дерттің құрбаны болған. Ауру жұқтырғандардың басым бөлігі Нұр-Сұлтан қаласына тиесілі. 

Инфекциялық төсек-орындардың жүктемесі 25%, реанимациялық төсек-орындар жүктемесі 21%-ды құрайды. 

Жоғары аурушаңдық деңгейі байқалған 7 аймақ: Алматы қаласы, Алматы, Ақтөбе, БҚО, Қарағанды, Жамбыл, Ақмола облыстарында инфекциялық, сондай-ақ реанимациялық төсек-орындар жүктемесі азайған. 

Вакцинациялау жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда қазақстандықтарға 4,5 млн доза вакцина салынды.

Өзгелердің жаңалығы