Елордада коронавирус жұқтырғандар саны соңғы аптада 8,5 есеге өсті - Сәуле Қисықова

25 Маусым 2020, 10:18
972
Бөлісу:
Елордада коронавирус жұқтырғандар саны соңғы аптада 8,5 есеге өсті - Сәуле Қисықова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада коронавирус инфекциясын жұқтырғандар және пневмониясы асқынған науқастар көбейген. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты.

Жұқпалы және провизорлық ауруханаларда адамдар саны бүгінде 2,5 мыңға дейін өсіп отыр. Оның 91 пайызы орташа ауырлық дәрежесінде. 9 пайызы ауыр және өте ауыр. Олар жедел реанимация бөліміне бірден түседі. Негізі соңғы аптамен салыстырғанда науқастар саны 3 есе өсті. Осы тәулікте реанимация бөлімінде 103 адам жатыр. Оның 55-і коронавирус инфекциясына байланысты жатыр. Өкінішке қарай, бүгінге дейін 38 өлім жағдайы тіркелді. Олардың 70 пайызы - 60 жастан асқандар, -  дейді Сәуле Қисықова.

Оның айтуынша, пневмониямен ауыратын науқастардың саны тәулігіне 600 жағдайға дейін өскен.
Коронавирус инфекциясын жұқтырғандар және пневмониясы асқынған науқастардың көбеюіне байланысты қалада қосымша инфекциялық төсек-орындары дайындалды. Бұрын 80 жағдай болатын. Ал қазір аптасына 8,5 есеге дейін жоғарылауы байқалып отыр. 12 маусымнан бастап Нұр-Сұлтан қаласындағы медициналық ұйымдардың төсек-орны қорын қайта құруға байланысты жұқпалы және провизорлық ауруханалардағы төсек-орны саны 1351 орынға көбейтілді. Тек соңғы 3 күнде қосымша 830 төсек дайындалды. Оның ішінде бүгін Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың базасында тағы 200 инфекциялық төсек дайындалады. Сонымен, бүгінде коронавирус инфекциясымен күресуге 3 135 төсек-орны бар 12 денсаулық сақтау ұйымы жұмылдырылды, - дейді басқарма басшысы.
 
Сәуле Қисықованың мәліметі бойынша, қалада төсек-орын 54 пайызы бос емес. Қазіргі уақытта жұқпалы және провизорлық ауруханаларда жұмыс жүктемесі - 79 пайыз екен.
Өзгелердің жаңалығы