Елордада коммуналдық техника шығаратын зауыт ашылады

19 Қараша 2019, 01:36
2488
Бөлісу:
Елордада коммуналдық техника шығаратын зауыт ашылады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда белорусстық-қазақстандық бірлескен коммуналдық арнайы техника шығаратын өндіріс орны ашылады. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында жазды. 

Минскте қалалық атқарушы комитетінің төрағасы Анатолий Сивакпен кездесу барысында Нұр-Сұлтанда коммуналдық және арнайы техникаларды бірлесіп шығару өндірісі туралы талқыладық. Елорданың климаттық жағдайын ескеретін болсақ, құрылыс саласында техникаға сұраныс бар, - деді Алтай Көлгінов. 

Фото: Алтай Көлгінов/Instagram

Әкім хабарлағандай, астананың коммуналдық қызметінің паркі жаңартылады. 

Осы жазда "Астана Тазалық" техникаларының дайындығын қадағалау барысында техникалардың 30 пайызының ескіргенін байқадық. Сондықтан қосымша арнайы техникаларды сатып алуға шешім қабылдадық. Барлық процедура аяқталуға жақын. Енді қараша мен желтоқсанда қаланың коммуналдық қызметі 60-тан аса техника бірлігімен толығады. Алғашқы кезеңде 120-дан аса арнайы техника алу жоспарланып отыр. Одан кейін де коммуналдық қызмет паркін жаңарту жоспарда бар. Бұл, әлбетте, еңбек етуге қолайлы жағдай туғызып, қаланы таза ұстауға мүмкіндік береді, - деп түйіндеді қала басшысы. 

Фото: Алтай Көлгінов/Instagram


Өзгелердің жаңалығы