Елордада көлігінде қару мен оқ-дәрілер табылған ер адам ұсталды

4 Қыркүйек 2021, 12:03
4222
Бөлісу:
Елордада көлігінде қару мен оқ-дәрілер табылған ер адам ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полиция қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы барысында сағат 22:05-те Баршын көшесінде алдын ала берілген жедел ақпарат бойынша «Toyota» маркалы автокөлігін тоқтатты. Рөлде 32 жастағы ер адам болған.

Нұр-Сұлтан қаласы ПД Ішкі және сыртқы коммуникация бөлімі бастығының м.а. Эльмира Шауленова хабарлағандай, ұсталған азаматтың көлікке қатысты құжаттары жоқ екені анықталды. Сонымен қатар оның бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы белгілі болды. 

Автокөлікті тексеру барысында үш ас үй пышағы және бір аңшылық пышақ, 32 мм калибрлі тегіс ұңғылы қару және оның патрондары тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 287-бабы («Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы