Елордада кітап алмасу күні өтеді

15 Қазан 2019, 07:58
2432
Бөлісу:
Елордада кітап алмасу күні өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы №5 балаларға арналған кітапханада кітап алмасу күні өтеді.

«Елорда тұрғындарын 26 қазан күні сағат 11:00-13:00-де кітапханаға шақырамыз. Бұл жерде сіздер жай ғана кітап алмасып қоймай, ой-пікірлеріңізбен бөлісе аласыздар. Кітап алмасу сағат 12:00 мен 13:00 аралығында өтеді. Сіз өзіңіз әкелген кітап санымен бірдей кітап ала аласыз. Дегенмен, ұйымдастырушылар өз қалауы бойынша кітаптарды қабылдамауға құқылы. Кіру тегін», – деп жазылған қалалық мәдениет және спорт басқармасының Facebook-тегі парақшасында.

Кітап тапсырған адамға олардың саны көрсетілген билет беріледі. Шараға көркем әдебиет (классика және қазіргі заманғы әдебиет); балалар мен жасөспірімдер әдебиеті; психология, философия; өзін-өзі дамыту бойынша кітаптар; іскерлік әдебиеттерді әкелуге рұқсат етілген.

Сондай-ақ, мұнда арнайы салаға қатысты әдебиет; ғылыми әдебиеттер, энциклопедия; жыртылған, күтіліп ұсталмаған кітаптарды әкелуге болмайды.

Кітапхана Ш. Құдайбердіұлы даңғылында 25/3 ғимаратта орналасқан.

Өзгелердің жаңалығы