Елордада KIOGE-2021 халықаралық көрмесі өтті

6 Қазан 2021, 11:58
8751
Бөлісу:
Елордада KIOGE-2021 халықаралық көрмесі өтті
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Нұр-Сұлтанда «Мұнай және газ» тақырыбында халықаралық көрме ұйымдастырылды.

Шараға Бахрейн, Беларусь Республикасы, Ұлыбритания және Германия, Нидерланды, Ресей, Хорватиядан 156 компания қатысуда.

Көрмеде ҚазМұнайГаз, Каспий Құбыр Консорциумы, ТШО, Лукойл, Татнефть, ТМК сияқты ірі компаниялар көпшілікке өз стендтерін ұсынды. Экспозицияның жалпы ауданы 2700 шаршы метрді құрайды.

Елордада KIOGE-2021 халықаралық көрмесі өтті

Экспозициялық бөлімнен бөлек, келуші қонақтар үшін түрлі тақырыптағы дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізілді.

Аталған шараға қатысты еліміздің Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев өз пікірін білдірді.

Бүгінгі көрме қаламыздың тарихында бірінші рет өткізіліп отыр. Бұл өте маңызды іс-шара. Жалпы KIOGE конференциясы  1993-ші жылдан бері Алматыда өткізіліп келеді. Биылдан бастап әр екі жыл сайын елордамызда өткізілетін болды. Бүгінгі таңда көрмеге 9 мемлекет қатысып отыр.Оның ішінде 120 астам компания өкілдері бар. Меніңше мұндай іс-шараның болашағы зор. Неге десеңіздер, бас шаһарымызда бірінші рет ұйымдастырылғаннан кейін компаниялар саны аз көрінуі мүмкін. Дегенмен, болашағы зор деп ойлаймын, -деді министр.

Елордада KIOGE-2021 халықаралық көрмесі өтті

Сонымен қатар Энергетика министрі KIOGE көрмесінің елімізге берер пайдасын айтты.

Пайдасы мол. Біріншіден, біздің елімізге жаңа технологияларды тарту. Екіншіден, өзіміздің жергілікті компаниялардың жаңа байланыстарды, қарым-қатынастары нығайа түседі, -дейді Мағзұм Мырзағалиев.
Елордада KIOGE-2021 халықаралық көрмесі өтті
Өзгелердің жаңалығы