Елордада Халықаралық театр күні аталып өтті

27 Наурыз 2019, 18:35
2331
Бөлісу:
Елордада Халықаралық театр күні аталып өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үздік актерлер қала әкімі Бақыт Сұлтановтың алғыс хаттарымен марапатталды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

 Халықаралық театр күні алғыс хаттар қазақ театрының актерлері Айнұр Жетпіспаеваға, Ержан Нұрымбетке, Инабат Әбеноваға, орыс драм театрынан - Данил Хомкоға, Игорь Сединге және балетмейстер Роза Белгібаеваға табысталды.

«Жастар» театрынан алғыс хатқа Нұрлыбек Төлеген, Елдос Шайкенов және көрермендермен жұмысты ұйымдастыру бөлімінің басшысы Лязима Сайбанова ие болды. Бұдан басқа, Қуыршақ театрының көркемдік жетекшісі және директоры Құралай Ешмұратова мен Тоғжан Хасанғалиеваға, «Наз» би театрының қызметкерлері Жұлдыз Бегмановаға және Әлия Әбылқасымоваға, сатира театрының көркемдік жетекшісі Ернияз Бірімқұловқа және актер Әли Бидахметов пен Альбина Валиеваға ерекше құрмет көрсетілді.

Салтанатты марапаттау шарасынан кейін .Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының, М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының, «Жастар» театрының, «Наз» мемлекеттік би театрының, Қуыршақ театры мен Комедия театрының ұжымдары өз өнерін қалың көрермен назарына ұсынды.

«Тәуелсіздік жылдары елордамыз мәдениет пен өнер саласында жаңалықтар мен инновациялар жаршысына айналды. Әлемдік театр өнерінің маңдайалды туындыларын тамашалауға мүмкіндік беріп отырғандарыңыз үшін алғыс айтамын. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің, шеберліктеріңіздің, таланттарыңыздың арқасында мыңдаған көрермен шығармашылық жолына түседі», – деді Мәдениет және спорт басқармасының басшысы Болат Мажағұлов.   
Өзгелердің жаңалығы