Елордада халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған акция өтеді

25 Маусым 2019, 21:52
3562
Бөлісу:
Елордада халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған акция өтеді
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында 26 маусым күні халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған «дені сау болу – сәнді!» ұранымен есірткіге қарсы кең ауқымды акция өтеді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Іс-шара қоғам назарын нашақорлық проблемасына, негізгі қауіп-қатер тобының жасөспірімдер мен жастардың проблемаларын кешенді шешу, салауатты өмір салтын жүргізудің тұрақты қағидаттарын қалыптастыру, сондай-ақ есірткіге тәуелді адамдарға қажетті медициналық-әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігіне аударуға бағытталған.

Акция 26 маусым күні сағат 12:00-20:00-ге дейін қазақстандық эстрада және спорт жұлдыздары, спорттық ұжымдар мен анимациялық қуыршақтардың қатысуымен «Хан Шатыр» СОО-да өтеді. Ниет білдіргендер түрлі жүлделері мен сыйлықтары бар конкурстарға қатыса алады.

Жиынды елорда әкімдігі, қала қызметі, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанаты және үкіметтік емес ұйымдардың қолдауымен Нұр-Сұлтан полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы ұйымдастырады.

Өзгелердің жаңалығы