Елордада «Қазақстанның 100 үздік студенті» байқауының жеңімпаздары марапатталды

21 Маусым 2021, 20:19
3019
Бөлісу:
Елордада «Қазақстанның 100 үздік студенті» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында «Тәуелсіздік — алтын тұғырымыз» атты республикалық конференция өтті. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шараны «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы Нұр-Сұлтан қаласының «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің қолдауымен ұйымдастырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Конференция барысында «Жылдың үздік түлегі-2021» және «Қазақстанның 100 үздік студенті» республикалық конкурстарының жеңімпаздары марапатталды.

«Жылдың үздік түлегі-2021» республикалық байқауының талаптары бойынша үздік деп танылған 80 студент марапатталды. Оған қатысуға республиканың жоғары оқу орындарының 320 түлегі өтінім берді.

Елордада «Қазақстанның 100 үздік студенті» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Сондай-ақ 2 300 адамның ішінен іріктеуден өткен «Қазақстанның 100 үздік студенті» байқауының 100 жеңімпаз студенті марапатталды.

Конференцияға отандық ғалымдар, ЖОО оқытушылары, докторанттар мен магистранттар, студенттер және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Іс-шара санитарлық нормалар мен талаптарды сақтай отырып өткізілді.

 


Өзгелердің жаңалығы