Елордада қаржы пирамидасының белгілері бар компания анықталды

6 Желтоқсан 2021, 23:07
1278
Бөлісу:
Елордада қаржы пирамидасының белгілері бар компания анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаржы пирамидалары жаңа салымшыларды тарту үшін көбіне өздерін жоғары инвестициялар саласындағы табысты ұйым ретінде көрсетеді.

Мұндай компаниялар заңды микроқаржы ұйымдары, тұтыну кооперативтері, ноу-хау жобалары, зергерлік бұйымдар және басқа компаниялар ретінде жасырылады.

Агенттіктің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаменті қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Нұр-Сұлтан қаласының аумағында салымшылардың қаражатын тартатын және кемінде үш жаңа салымшы тартылған кезде салым сомасының 100%-ын қайтаруға уәде беретін «Best Road Investment» ЖШС қызмет ететіндігі анықталды.

Қазіргі уақытта зардап шеккен адамдар мен келтірілген залалдың сомасы анықталып жатыр.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайды.

Өзгелердің жаңалығы