Елордада карантин талабын бұзған 8 мекеме әкімшілік жауапкершілікке тартылды

3 Қыркүйек 2021, 07:17
3230
Бөлісу:
Елордада карантин талабын бұзған 8 мекеме әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың мониторингтік топтары күніне қаланың 100-ден астам кәсіпкерлік нысанын тексереді, оның барысында ондаған мекемеде карантин режимі бұзылғаны анықталады. 8 мекемеде шектеу шаралары сақталған жоқ, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Есіл ауданында карантин бұзушылар тізіміне үш қоғамдық тамақтану орны кірді: «Opus One» кафесі, «Мята» лаундж-бары, «Teqila» бары.

Сарыарқа ауданында орналасқан «Берлин» және «На мангале» кафелерінде карантин сақталған жоқ. Осыған ұқсас бұзушылықты Байқоңыр ауданындағы «Respawn» компютерлік клубында да тіркелді.

Алматы ауданында белгіленген жұмыс режимін «Шампурок» кафесі мен «Мята» бары елемеді.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар әкімшілік шаралар қабылдау үшін санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы тиісті уәкілетті органдарға тапсырылды.

Айта кету керек, елордадағы эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз болып қалуда. Күн сайын КВИ жұқтырған жаңа науқастар анықталады. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлік нысандары санитарлық нормалар мен карантин талаптарын қатаң сақтауы керек.


Өзгелердің жаңалығы