Елордада қанша оқушы коронавирус жұқтырған?

23 Қазан 2020, 14:58
1373
Бөлісу:
Елордада қанша оқушы коронавирус жұқтырған?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Білім беру ұйымдарының эпиджағдайдағы жұмыс барысы» онлайн брифингі барысында Нұр-Сұлтан қаласы Білім беру басқармасының басшысы Шолпан Қадырова коронавирус жұқтырған балалар туралы айтты.

Қазіргі уақытта 3 011 кезекші сыныпта 40 400 оқушы білім алуда.

Қаланың бас санитарлық дәрігерінің ақпараты бойынша мектеп оқушылары арасында COVID-19-бен ауырғандар анықталды. Оқу жылының басынан бүгінгі күнге дейін ауырған балалардың саны - 18, оның ішінде 14-і қашықтан оқитын балалар, қалған 4-еуі кезекші сыныпта оқитын балалар. Ауырған балалар оқыған кезекші сыныптар қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласының Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлері сыныптарда дезинфекция жұмыстарын жүргізді, - деді Шолпан Қадырова брифинг кезінде.

Оның айтуынша, бұл оқушылар карантин мерзімінің ұзақтығы - 14 күн өткеннен кейін сыныптар бұрынғы режимге көшеді. 

Айта кетейік, бұл мәселе Білім басқармасының ерекше бақылауында.

Еске сала кетейік, Қадырова білім беруді қамтамасыз ету мақсатында мектептер қорынан 9 700 компьютерлік техника бөлінгенін айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы