Елордада кәсіпкерлерді қолдауға арналған байқау жарияланды

8 Мамыр 2019, 22:09
1787
Бөлісу:
Елордада кәсіпкерлерді қолдауға арналған байқау жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Елордада «Бизнестің жол қартасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға арналған мемлекеттік гранттарға байқау жарияланды.

Байқауды ұйымдастырушы – «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» ММ. Конкурс ашық түрде өтеді.

"Қатысу үшін өтінімді Бейбітшілік 11, 113 мекенжайындағы Нұр-Сұлтан қаласының «Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» ММ-ге тапсыру қажет. Құжаттар 2019 жылдың 14-24 мамыры аралығында, жұмыс күндері сағат 09:00-ден 17:30-ге дейін қабылданады. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды", - делінген таратылған ақпаратта. 


Өзгелердің жаңалығы