Елордада көпбалалы аналар алтын және күміс алқамен марапатталды

12 Желтоқсан 2019, 23:04
2040
Бөлісу:
Елордада көпбалалы аналар алтын және күміс алқамен марапатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында "Байқоңыр" ауданы әкімінің орынбасары Ерлан  Жаулыбаевтың төрағалығымен аудандағы көпбалалы аналар салтанатты түрде "Алтын" және "Күміс" алқамен марапатталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Тәуелсіздік күніне орай астаналық 6 және одан да көп баласы бар аналарға "Алтын" және "Күміс" алқалар табысталды. Осылайша, "Алтын алқа" белгісімен  көпбалалы ана Гүлжан Оспанбаева марапатталса, одан бөлек 14 анаға "Күміс алқа" белгісі салтанатты түрде берілді. Сонымен қатар, алқа иегерлері арнайы сыйлықтарға да ие болды.

Іс-шараға қатысқан қонақтар арасында көпбалалы аналардың жақын туыстары да болды. Қонаққа келген ақ жаулықты әжелер тәтті кәмпиттерімен шашу шашып, ақ баталарын берді. Сондай-ақ,  олар жас ұрпаққа өздерінің өмірлік өнегелерін айтып, құнды кеңестерімен бөлісті.


Өзгелердің жаңалығы