Елордада «Күлтегін» мультфильмі тегін көрсетіледі

6 Сәуір 2019, 10:04
3567
Бөлісу:
Елордада «Күлтегін» мультфильмі тегін көрсетіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы көпбалалы және әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, жетімдер үйінің тәрбиеленушілері, мүгедек балаларға қазақ анимациялық кино өнерінің озық туындыларын ұсынуды жалғастыруда. 

7 сәуір күні «QAZAQSTAN» орталық концерт залында «Күлтегін» мультфильмінің қайырымдылық көрсетілімі өтеді. Түрік қағанатының даңқты әскери қолбасшысы Күлтегіннің ерлігі туралы баяндайтын бұл мультфильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген.  Осы күні «QAZAQSTAN» ОКЗ-да кішкентай көрермендерді мультфильмнің екі сеансы күтуде. Анимация, графика жағынан шетелдік мультфильмдерден кем түспейтін туынды сағат 15.00-де қазақ тілінде, ал 17.00-де орыс тілінде көрсетілмек. Мультфильмнің көрсетіліміне кіру барлық балалар үшін тегін.

Өзгелердің жаңалығы