Бас жаңалықтар
Елордада көктайғаққа қарсы шаралар қабылдануда
27 Ақпан 2020, 00:20 161

Елордада көктайғаққа қарсы шаралар қабылдануда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалада қар аралас жаңбыр жаууы салдарынан көктайғақ пайда болды. Коммуналдық қызметтер көктайғақты болдырмау үшін тайғаққа қарсы қоспаны себу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бүгін 1 000 тонна реагент пайдалану жоспарланып отыр. Ертең де сонша реагент қолданылады. Арықтарды, нөсер суына арналған жүйелерді тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұдан басқа 200-ден астам ассенизаторлық машина су жинауға шықты. 26 ақпан күні қала көшелерін қардан тазарту жұмыстарына 1415 техника бірлігі мен 1203 жол жұмысшылары тартылды.

Жалпы, осы уақытқа дейін барлығы 4716349 текше метр қар шығарылды (393024 рейс).


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...