Елордада «Jas sarbaz – Jastar jylynda» жобасы басталады

19 Қыркүйек 2019, 18:46
1599
Бөлісу:
Елордада «Jas sarbaz – Jastar jylynda» жобасы басталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 25 қыркүйек күні ҚР Қарулы күштері ұлттық әскери патриоттық орталығында Жастар жылына орай «Jas sarbaz – Jastar jylynda» атты ауқымды жобаның ашылу салтанаты өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жоба «Жас Сарбаз» ЖӘПҚ РҚБ Нұр-Сұлтан қалалық филиалы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі, «Астана жастары» КММ және Нұр-Сұлтан қаласы Қорғаныс істері департаментінің қолдауымен ұйымдастырылып жатыр.  Шара барысында жоба таныстырылып, Жас сарбаз қатарына салтанатты түрде қабылдау рәсімі өтеді.

Ал, жиынның соңы концерттік бағдарламамен жалғасады. Шараға ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, ҚР Парламенті депутаттары мен жастар ұйымы өкілдері, олимпиада және эстрада жұлдыздары қатысады деп жоспарланып отыр
Өзгелердің жаңалығы