Елордада инвесторлар есебінен қандай нысандар салынады

23 Қыркүйек 2019, 22:13
1503
Бөлісу:
Елордада инвесторлар есебінен қандай нысандар салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімінің төрағалығымен өткен инвестиция мәселелері жөніндегі өңірлік кеңесте білім беру, денсаулық сақтау, спорт және өнеркәсіп саласы бойынша 12 жоба таныстырылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жобаларды іске асыру 1 мыңнан астам жұмыс орнын құруға және ел экономикасына 20 млрд теңгеден астам қаржы тартуға мүмкіндік береді.

«Жеке инвестициялар есебінен жалпы білім беретін орталық, төрт мектеп салу жоспарланып отыр, 2-ші базада балабақшалар жұмыс істейтін болады. Бұл шамамен 4,5 мың оқушы орнын құруға мүмкіндік береді. Мысалы, «International School of Nur-sultan City» ЖШС финдік білім беру әдістемесін енгізе отырып, жеке мектеп салуды жоспарлап отыр. Жүйенің ерекшелігі - әр балаға жеке оқыту жоспары жасалады. Мектепте жабық бассейн және футбол алаңы болады. Кеңесте сондай-ақ медициналық орталық, спорт кешені мен көкөніс сақтау қоймасы құрылысының жобалары да қолдау тапты. Сонымен қатар, өнеркәсіп саласында жаңа жобалар қаралды. Олар: асфальт-бетон зауыты, темір-бетон бұйымдары мен коммуналдық арнайы техника шығаратын зауыт», - делінген хабарламада. 

Бүгінде елордада 21,8 млрд теңге сомасына 6 инвестициялық келісімшарт жасалды: ет өңдеу кешенінің құрылысы бойынша 1 жоба, медицина саласында - 1 және білім беру саласында жеке меншік мектептер құрылысы бойынша 4 жоба.



Өзгелердің жаңалығы