Елордада "Gorky FM" онлайн-радиосы іске қосылады

3 Сәуір 2020, 21:42
1839
Бөлісу:
Елордада "Gorky FM" онлайн-радиосы іске қосылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 4 наурыз күні М.Горький атындағы орыс драма театрының "Gorky FM" онлайн-радиостанциясы таныстырылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Театр өкілдері карантин кезінде gotheatre.radio12345.com платформасында тікелей хабар тарату арқылы өз көрермендерімен байланыс орнатады.
Қазір бәріміз карантиндеміз. Бірақ шығармашылық адамдары ешқашан тыныш отырмайды. Театрдың барлық қызметкері үйлерінде болғанымен, жұмыс қызу жүріп жатыр. Біз әлеуметтік желілерде тікелей эфир жүргізуді қолға алып, түрлі жазбалар мен видеолар жүктейміз. Мен көрерменге жақын болу жолдары туралы ұзақ ойландым. Себебі көптеген адам бұл қиын уақытты біздің қалай өткізіп жатқанымыз жөнінде жиі сұрайды, – дейді М.Горький атындағы орыс драма театрының актері, кинорежиссер Сергей Маштаков.

Осылайша, шағын радиостанция құру идеясы пайда болды. Белгілі болғандай, бірде-бір қазақстандық театрда мұндай онлайн-платформа жоқ. FM толқынын құру қиын болғандықтан, интернеттегі радио өте жақсы балама саналады. Ол үшін тек сілтеме арқылы өту қажет.
Менде студиялық микрофон, компьютер, біздің театрдың музыкалық базасы – барлық спектакльдердің музыкасы бар. Үйден толыққанды радиостанция жасауға болады. Қазіргі уақытта бәрі мүмкін, – дейді идея авторы.

Тыңдаушылар тікелей эфирге +7 700 27 08 173 нөмірі бойынша хабарласа алады немесе @gorkytheatre инстаграм парақшасы арқылы пікір білдіріп, сауал жолдай алады.
Болашақта актерлер хабар таратады. Себебі бұл идея көптеген адамға қозғау салды. Біз студияны театрға көшіре аламыз және сол жерден осындай кездесулер, актерлермен тікелей эфирлер ұйымдастыра аламыз. Сондай–ақ, аудиоспектакльдер жазып, оларды осындай жолмен көрсету жоспарлануда, – дейді С. Маштаков.

Gorky FM аптасына 3-4 рет қолжетімді болады. Егер қатысу статистикасы өсетін болса, алдағы уақытта эфирлер әлдеқайда көбейеді.


Өзгелердің жаңалығы