Бас жаңалықтар
Елордада газ баллоны жарылып, тұрғын үй өртенді
04 Маусым 2020, 19:31 165

Елордада газ баллоны жарылып, тұрғын үй өртенді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін сағат 17:47-де "101" пультіне Нұр-Сұлтан қаласы, Жангелдин көшесі, 31/4 мекен жайында орналасқан жеке үйден өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

Оқиға орнына 4 минуттан кейін Нұр-Сұлтан ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері келіп жетті, онда жеке үйдің жанып жатқаны анықталды. Газ баллоны жарылысы салдарынан жақын жердегі коттедж өртке оранған. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін коттедж тұрғындары өздігінен қауіпсіз жерге ауысқан. Қазіргі уақытта 3 жауынгерлік учаске жұмылдырылып, елордалық өрт сөндірушілер өртті жою бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, – делінген хабарламада. 
Өрт сөндіру орнына қосымша Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД күштері мен құралдары жеткізілді. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Өрт сөндіруге барлығы 8 бірлік техника мен 33 адам жұмылдырылды. Өрттің себебі анықталуда.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...