Елордада газға қосылу үшін техникалық шарттар тегін берілуде

14 Тамыз 2020, 20:31
1659
Бөлісу:
Елордада газға қосылу үшін техникалық шарттар тегін берілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта құжаттарды жеке меншік секторының тұрғындары ала алады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Нұр-Сұлтанда газбен жабдықтау жүйелеріне қосылуға техникалық шарттарды тегін беру 4 тамыздан басталды. Қазіргі уақытта құжаттарды Көктал-1, Көктал-2, Железнодорожный, Промышленный, Агроқалашық ықшам аудандарының тұрғындары алуда.

Бүгінгі таңда газ қосқысы келетін абоненттер саны өте көп. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ барлық техникалық шарттарды тегін ұсынады. Ол үшін Болашақ көшесі, 4/2 немесе Ж.Жабаев 12/2 мекен-жайы бойынша хабарласуға болады. Біз құжаттардың тізімін беріп, газға қосылудың жолдарын айтамыз, - дейді "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ менеджері Айдын Шаймерденов.

Барлық фронт-офистерде қалалық және аудандық әкімдіктердің, "ҚазТрансГаз Аймақ" акционерлік қоғамының және мердігер ұйымдардың өкілдері жұмыс істейді. Өз құжаттарын алған тұрғындар "көмір жағып, күл шығарған уақытымыз артта қалды" деп қуанды.

Мен республика басшылығына қамқорлық үшін алғыс айтқым келеді. Біз қоршаған ортаға өте нашар әсер ететін көмірді ұзақ уақыт бойы пайдаланып, көшелерімізді ластадық. Газ қосудың арқасында өзімізді өркениетке сай сезінеміз, - дейді Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Берік Ысқақов.

Өнеркәсіптік сектор мен тұрғын аудандарды газдандыру 3 кезеңде жүзеге асырылады.


Бірінші кезеңде алдағы жылыту маусымында газ Көктал 1,2, Агрогородок, Промышленный, Железнодорожный және Оңтүстік-Шығыс бөліктеріне жеткізіледі деп жоспарлануда. Сондай-ақ ЖЭО-1 газға ауыстырылады.

Екінші кезеңде Мичурино, Интернациональный, Күйгенжар (1-2 ІКҚ), Тельман (3 ІКҚ), Пригородный, Garden Village және Family Village (4 ІКҚ) елді-мекендері қамтылады. Үшінші кезеңде Ильинка (1-2-ші ІКҚ), Шұбар (3-ші ІКҚ), Өндіріс (4-ші ІКҚ) тұрғын үй алаптары газдандырылады. Іске асыру мерзімі-2020-2023 ж.

Өзгелердің жаңалығы