Елордада футболдан «Жастар кубогы» турнирі өтеді

1 Қазан 2021, 18:14
13377
Бөлісу:
Елордада футболдан «Жастар кубогы» турнирі өтеді
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай футболдан «Жастар кубогы» жобасының ашылу салтанаты өтті.

Шараның басты мақсаты жастар арасындағы нашақорлықты, суицидті жоюға және саламатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.

Жарысқа 100-ден астам спортшы қатысады. Сонымен қатар турнирге орнықпаған, жұмыс істейтін және жұмыссыз жүрген жастар қатысады.

Елордада футболдан «Жастар кубогы» турнирі өтеді


Матч кезінде барлық ойыншы қажетті жабықтармен және сусындармен қамтасамыз етіледі.

«Жастар кубогі» биыл бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Жобада жұмыссыз және жұмыс істемейтін жастар арасында өтеді деп жоспарлануда. Жарысқа қатысушы 20 команда құрылды. Әр командада 7 ойыншы, 5 негізгі және 2 қосалқы құрамдағы ойыншылар болады. Турнирге UEFA чемпиондар лигасының форматы негізі болып алынды, - дейді «Астана жастары» ЖРО NEET санатындағы жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Аймақ ӘлФараби.

Елордада футболдан «Жастар кубогы» турнирі өтеді


Іс-шара барысында футбол ойынының қазіргі спорттағы танымалдығы мен әсері туралы айтылды.

Жоба қонақтары ретінде Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл, Футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин келді.

Елордада футболдан «Жастар кубогы» турнирі өтеді


Айта кетейік, бүкіл әлемде футболды 240 миллион адам ойнайды, яғни жердің әрбір 25-тұрғыны.

Өзгелердің жаңалығы