Елордада үй өртеніп, әйел адам қайтыс болды

12 Ақпан 2020, 17:09
1560
Бөлісу:
Елордада үй өртеніп, әйел адам қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық құтқарушылар тілсіз жаудан 20 ересек адам мен 9 баланы құтқарды, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі.

Бүгін 14 сағат 14 минутта "101" пультіне Күйші Дина 39/1 мекенжайы бойынша өрт болып жатыр деген хабар түсті. 7 минуттың ішінде өрт сөндірушілер өрт орнына келген кезде екінші қабатта пәтер өртеніп жатқаны анықталды. Өрттің жалпы аумағы 45 шаршы метрді құрады. Кіреберісте қою түтін болғандықтан құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялауға кірісіп кетті. Өрт сөндіру кезінде АКК баспалдағы және құтқару маскасы арқылы жалпы 20 адам, оның ішінде 9 бала құтқарылды, - делінген ТЖД хабарламасында.

Өрттің салдарынан әртүрлі жарақатпен ауруханаға алдын ала болжам бойынша 12 адам жеткізілді, олардың алтауы балалар (нақты зардап шеккендер саны анықталуда).  Өкінішке қарай өрт сөндіру кезінде 4 қабаттан 1987 жылғы қыз баланың денесі табылды. Өрт 14.37 ауыздықталып, 14.41 толығымен сөндірілді. 

Өрт сөндіруге 9 бірлік техника және 31 адам жұмылдырылды. Өрттің себебі анықталуда.  



Өзгелердің жаңалығы