Елордада еуразиялық халықаралық кітап көрмесі өтеді

19 Сәуір 2019, 17:40
3595
Бөлісу:
Елордада еуразиялық халықаралық кітап көрмесі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Eurasian Book Fair 2019 – еуразиялық аумақтағы ірі кітап жәрмеңкесі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Көрме-жәрмеңке «Көрме» орталығында 24 және 27 сәуір аралығында жұмыс істейді. Биыл аталмыш шара төртінші рет өтпек. Eurasian Book Fair 2019 көрме-жәрмеңкесіне 13 елдің 90 компаниясы қатысады деп күтілуде. Олардың арасында Ресей, Әзірбайжан, Армения, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Қытай, Иран, Польша, Бельгия, Латвия, Украина елдері бар.

«Фолиант», «Алматы Кітап», «Атамұра», «Мектеп», «Қазақ энциклопедиясы» сияқты Қазақстанның жетекші баспалары, «Манн, Иванов и Фербер», «Белый город», «Розовый жираф», «КомпасГид», «Самокат» сияқты Ресейдің атақты баспалары қатысушылардың қатарында бар.

«Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесін өткізудің басты мақсаты – кітапты насихаттау, қатысушылардың әдеби мұрасын дамыту, оқырман мәдениетін қалыптастыру»,  – деп мәлімдеді «Қазмедиа орталығында» өткен брифингте ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Әбіл Жоламанов.

 Оның айтуына қарағанда көрме бағдарламасында 150-ден астам іс-шара, тұсаукесерлер, әдеби экскурсиялар, поэзиялық бағдарлар, авторлармен, баспагерлермен, суретшілермен, полиграфистермен өтетін кездесулер бар. Көрме барысында кітаптарды баспа бағасы бойынша сатып алу мүмкіндігі қарастырылғанын айта кету керек. Балалар үшін шеберлік сабақтары, конкурстар, «Алиса ғажайыптар елінде» ертегісінің желісі бойынша ұйымдастырылатын интерактивті квестер, аниматорлардың қатысуымен өтетін ойын-сауық бағдарламалар қарастырылған.
Өзгелердің жаңалығы