Елордада есігін жауып алып жұмыс істеген мекемелер жауапкершілікке тартылды

29 Шілде 2021, 19:29
2442
Бөлісу:
Елордада есігін жауып алып жұмыс істеген мекемелер жауапкершілікке тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Елорданың мониторингтік топтары күн сайын қаланың 100-ден астам кәсіпкерлік нысанында карантин шектеулерінің сақталғанын тексере отырып, тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Өткен тәулікте, 28 шілдеде карантин талаптарын бұзған 5 мекемені анықтады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Есіл ауданында «Аura Club Alanya» түнгі клубы белгіленген уақыттан кейін де жұмыс істеді.

Айта кету керек, кейбір мекемелер мониторингтік топ мүшелерін ішке кіргізбей, есіктерін жауып алып жұмыс істеген. Олардың арасында «The Bus» музыкалық бары, «Лағман және палау орталығы» кафесі, «Alanya» караоке-мейрамханасы бар.

Карантин талаптарын бұзғандар қатарында Байқоңыр ауданында орналасқан «Black House» компьютерлік клубы да бар.

Алматы ауданында «Mansion» караоке-бары мен «ХЗ» бары жұмыс режимін бұзды.

Сарыарқа ауданындағы «Ас» асханасында да карантин шектеулері сақталған жоқ.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті шара қолдану үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына тапсырылды.

Естеріңізге сала кетейік, елордадағы эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз болып қалуда. Күн сайын КВИ ауруының 1300-ден астам жаңа жағдайы анықталады. Қала тұрғындары мен қонақтары, кәсіпкерлік нысандары індеттің таралуын тоқтату үшін санитарлық нормалар мен карантин талаптарын қатаң сақтауы тиіс.

 



Өзгелердің жаңалығы