Елордада ертең бірнеше көше уақытша жабылады

23 Наурыз 2019, 15:25
1420
Бөлісу:
Елордада ертең бірнеше көше уақытша жабылады

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. 24 наурыз күні 20:00-де Астана-Аренада өтетін Еуро-2020 іріктеу матчы аясында Қазақстан мен Ресей ұлттық құрамалары кездеседі. 


Осыған байланысты сағат 19:00  бастап Керей Жәнібек хандары көшесінен Ұлы дала даңғылына дейінгі Қабанбай батыр даңғылының учаскелерінде қозғалыс шектеледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының жол полициясы мәлімдеді. 

Жол қозғалысы қауіпсіздігін ұйымдастыру мен сақтау бойынша қоғамдық көлікке басымдық беріледі. 

Жол полициясы департаменті көлік жүргізушілеріне сақ болуды және жеке көлігінен бас тартып, қоғамдық көлікке отыруды ұсынады.  Халықаралық әуежай ауданына және жақын елді мекендерге сапарға шығатын адамдарға алдын ала басқа да бағыттарды таңдауды ұсынады. 

Көрермендер үшін 18:00-19:00 арасында келесідей автобустармен үш пункттен аренаға жанкүйерлер жете алады: 

- "Қазақстан" СК тұрағы (Қажымұқан Мұңайтпасов көшесі);

- "Нұр Астана" мешіті тұрағы (шығыс жағы);

- астаналық цирк тұрағы (Қорғалжын тас жолы бойында).

Осы автобустармен кері қайту үшін  көрермендер стадион алдына жиналады.
Өзгелердің жаңалығы