Бас жаңалықтар
Ерекше мұқтаждықтары бар жастардың IT-жобаларына грант беріледі
21 Тамыз 2019, 16:40 242

Ерекше мұқтаждықтары бар жастардың IT-жобаларына грант беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Астана Хаб» IT-стартаптар халықаралық технологиялық паркінде көптен күткен IteachMe жобасының финалы өтеді.

"Жастар мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған, жарты жыл бойы жұмыс жасаған жобаларын қазылар алқасына таныстырады. ITeachMe инклюзивті білім жобасының басты міндеті мүмкіндіктері шектеулі жастарды бағдарламалау, кодтау, жобаны басқару, дизайн, маркетингтің негіздері, робот жасау техникасын меңгеру және т.б. бағыттарда оқыту. ITeachMe түрлі IT саласындағы сарапшылары оқытушы болған төрт күндік лагерьден бастап онлайн білім беру және менторлық көмек көрсетуге дейін кешенді білім бағдарламасынан тұрады", - делінген таратылған хабарламада.

Қатысушылардың менторлармен тығыз байланыста болуы идеяларды жақсарту, ақшаға айналдыру жолдарын ойластыру, аудиторияны тарту мен дамытуға септігін тигізді. Ақтық сынға жеті жоба қатысады. Оладың қатарында мүмкіндігі шектеулі балаларды заманауи жаттығу құрылғылары арқылы сауықтыру,  бір уақытта ыммен сөйлесу және қазақ тілін үйрену, әлеуметтік-осал топтарға белгілі бір дәрігерлерге онлайн жазылатын чат-бот, адамның тұрған мекенін нақты анықтай алуға көмектесетін жедел-жәрдем картасы сияқты жобалар бар.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық