Елордада ер адам саябаққа жүгіруге шыққан қызды тонап кетті

27 Шілде 2021, 23:35
3604
Бөлісу:
Елордада ер адам саябаққа жүгіруге шыққан қызды тонап кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда ер адам кәмелетке толмаған қызды таңертең Триатлон паркінде тонап кетті. Бұл туралы қалалық полицияның баспасөз қызметі хабарлады.

Елордалық полиция баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, оқиға 25 шілдеде болған. Таңертеңгі сағат 5.30 шамасында 17 жастағы қыз посттағы қызметкерге шағым түсірген. Ол жүгіру кезінде белгісіз адам оған шабуыл жасап, iPhone 8+ маркалы телефонын және сөмкесін ұрлап, қашып кеткенін айтқан.

Күдіктінің басты белгілері анықталды. Бағдар бойынша барлық аудан полиция жасақтарымен қаралды. Қылмыскерді полиция қонақүйдің жанындағы тұрақта қашуға талпынғанына қарамастан ұстады. Ол Ақмола облысының 42 жастағы тұрғыны болып шықты. Факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деді полиция департаментіндегілер.

Өзгелердің жаңалығы