Елордада ер адам металл контейнерді ұрлап кеткен

7 Мамыр 2022, 17:33
1429
Бөлісу:
Елордада ер адам металл контейнерді ұрлап кеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Полицияға қала тұрғыны арызданып, 40 тонналық контейнердің ұрланғаны туралы хабарлаған. 

Жәбірленушінің айтуынша, контейнерде құрылыс материалдары болған және келтірілген шығын көлемі  2 млн теңгеден астам соманы құраған, деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сотқа дейінгі тергеу барысында полицейлер ұстаған жәбірленушінің 44 жастағы күйеу баласы ұрлыққа қатысы бар екені анықталды. Күдікті ұзақ уақыт бойы қайын атасының құрылыс алаңында жұмыс істегенін айтты. Алайда туысы жұмыс ақысын төлемеген соң, рұқсатсыз контейнерді алып кетуге шешім қабылдаған. Контейнерді шығару үшін ер адам кран жалдаған.  Жарнамалық сайт арқылы контейнерді Ақмола облысының тұрғынына 600 мың теңгеге сатып жіберген. Полицейлер контейнерді алып, иесіне қайтарды. 

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, күдікті өз кінәсін мойындады. 

Полиция департаменті қала тұрғындарына үйлерді бейнебақылау камераларымен жабдықтауды, есіктерді берік құлыптармен нығайтуды және күзет дабыл жүйесімен жабдықтауды ұсынады.

 

Өзгелердің жаңалығы