Елордада екі жол учаскесінде автокөлік қозғалысы жабылады
9 Мамыр, 11:46 665

Елордада екі жол учаскесінде автокөлік қозғалысы жабылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жөндеу жұмыстарына байланысты екі жол учаскесінде қозғалыс толығымен жабылады. 

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

8-9 мамыр аралығында Қабанбай батыр даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында автокөлік құралдарының қозғалысы толығымен жабылады, өйткені Қабанбай батыр даңғылындағы жол төсемін орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Соның ішінде Jusan Bank ауданындағы Бөкейхан көшесі мен Сығанақ көшесінің арасындағы жол орташа жөндеуден өтеді. Осыған байланысты 7-9 мамыр аралығында Бөкейхан көшесі мен Сығанақ көшесі арасында jusan Bank жанында автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылады .

Қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз, - деп толықтырды басқармада.


Фото: дереккөз
Загрузка...