Елордада екі көпір ашылады

25 Мамыр 2020, 09:20
1144
Бөлісу:
Елордада екі көпір ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда 2020 жылы көліктер қатынай алатын екі көпірдің құрылысы аяқталады. Бұл қаланың көлік желісін едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов Есіл өзені арқылы өтетін көпір құрылысы барысымен танысты. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Көпір құрылысы биыл аяқталады. Оң және сол жағалауды қосатын көпір (Есіл өзені арқылы) Мәңгілік Ел даңғылы, Ж. Нәжімеденов, А. Байтұрсынов, Р. Қошқарбаев көшелеріндегі, "Нова сити" кешеніндегі, "Мыңжылдық" аллеясындағы шамадан тыс жүктемені азайтуға, жаңа "Нұрлы жол" вокзалының қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. 

Көпірлердің санын арттыруды ел басшылығы тапсырды. Биыл Нұра – Есіл арнасы арқылы Ұлы Дала даңғылындағы көпірдің құрылысы аяқталады. Сонымен бірге Есіл өзені арқылы Тәуелсіздік даңғылында жаңа ванттық көпірді салуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, елордада жол жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Биыл жалпы ұзындығы 100 км болатын 150 көше жөнделіп, кейбіреуі жаңадан салынады.



Өзгелердің жаңалығы