Бас жаңалықтар
Елордада екі қабатты жатақхана өртенді
17 Ақпан 2020, 11:05 305

Елордада екі қабатты жатақхана өртенді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жексенбі, 16 ақпан күні кешке Нұр-Сұлтанның Күлтегін көшесіндегі екі қабатты жекеменшік жатақхана өртенді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Өрт шыққаны туралы қоңырау сағат 21.37-де түсті. Өрт сөндірушілер келген кезде шатыр мен екінші қабат жартылай жанып жатқан. Қабылданған шаралардың арқасында өрт сағат 22:31-де оқшауланып, 22:44-те сөндірілді. Өрттің жалпы аумағы 150 шаршы метрді құрады. Оқиға кезінде жатақханада тұратын алты адамның ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Төтенше жағдайдан кейін олардың бәрі көрші жатақханаларға орналастырылды, - делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге елордалық төтенше жағдайлар департаментінің 26 қызметкері мен жеті өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.  


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...