Елордада ДСҰ министрлік конференциясы өтеді

27 Ақпан 2020, 11:54
1620
Бөлісу:
Елордада ДСҰ министрлік конференциясы өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Дүниежүзілік сауда ұйымының ХІІ министрлік конференциясы 8-11 маусымға жоспарланған.

Бұл туралы брифинг барысында СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.
8-11 маусымда Қазақстанда алғаш рет Дүниежүзілік сауда ұйымының 12 министрлік конференциясы өтеді. Оған 164 мемлекеттік сауда ұйымдарының өкілдері қатысады. ДСҰ-дың жаһандық іс-шарасы әлемдік сауда өкілдерін тартуға маңызды болмақ. Конференция жаһандық нарық пен экономикаға ықпал ете алады. БАҚ өкілдері 29 мамырға дейін тіркеле алады, - деді СІМ баспасөз хатшысы. 

Сонымен қатар СІМ өкілі 1 наурызда Қазақстан мен ЕуроОдақ арасындағы маңызды келісімнің күшіне енетінін атап өтті.
1 наурызда кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімі толық күшіне енеді. Бұл Еуропалық Одақпен мұндай дәрежедегі келісімге қол қойған Орта Азия елдерінің ішінде Қазақстан алғашқы ел болып отыр. 2020 жылдың 1 наурызында Қазақстан мен Еуропа қатынастарының жаңа кезеңінің басталғанын білдіреді. Екі жақ сауда, инфрақұрылым, инвестиция, визалық жеңілдік, инновация т.б. салаларда әріптестік жасамақ. 2019 жылы ЕО елдері мен Қазақстан арасында 31,3 млрд АҚШ долларын құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 20% артқан. 2019 жылы Еуропадан 5,4 млрд АҚШ доллары инвестиция тартылған. Соңғы 15 жылда Қазақстанға ЕуроОдақ елдерінен 150,9 млрд доллар инвестиция құйылған, - деді Айбек Смадияров.
Өзгелердің жаңалығы