Елордада «Достық жолы» концерті өтті

4 Қазан 2021, 17:01
2488
Бөлісу:
Елордада «Достық жолы» концерті өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясының «Шалқыма» халық би ансамблі, Беларусь Республикасының мемлекеттік академиялық би ансамблі және «Сарыарқа» фольклорлық ансамблінің қатысуымен «Достық жолы» атты концерті өтті.

Би арқылы адамның көңіл-күйін, әлемнің сұлулығын, адамның жан-дүниесін, ішкі күйзелісін, сырын, қуанышын, шаттығын жеткізуге болады. Беларусь Республикасының мемлекеттік академиялық би ансамблі осы өнерін паш етті.

Кеш барысында би саласында өз қолтаңбасын қалдырған биші, педагог, Қазақстанның еңбегі сіңген артисі – Ізім Оспанқызын 70 жас мерейтойымен құттықтап, екі ел өкілдерінен ыстық ықыласпен құттықтау хат және гүл шоқтары табысталды.

Елордада «Достық жолы» концерті өтті

Сонымен қатар кештің бірінші бөлігінде «Сарыарқа» фольклорлық ансамблі, көркемдік жетекшісі Мәдениет саласының үздігі - Тоғжан Жахин және «Шалқыма» халық би ансамблі, көркемдік жетекшісі Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері - Абрасул Есекеев, Халықаралық байқаулардың лауреаты Айсұлу Мұратқалиева, Республикалық байқаудың лауреаты - Әйгерім Кулшина, Ақбілек Нұрманова, Жәния Байділдаева және Райгүл Исмағұлова өнер көрсетті.

Елордада «Достық жолы» концерті өтті

Концерттің екінші бөлімінде Беларусь мемлекеттік академиялық би ансамблі салтанатты «Қарагод» биімен ашты. Көркемдік жетекші - Беларусь Республикасының халық әртісі Валентин Дудкевич.    

Өзгелердің жаңалығы