Елордада "Дон Карлос" операсының премьерасы өтті

14 Қазан 2019, 19:45
2189
Бөлісу:
Елордада "Дон Карлос" операсының премьерасы өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Дж.Вердидің  "Дон Карлос" операсы театрлар репертуарында сирек кездеседі, себебі оны ұсыну үшін жоғары деңгейлі әртістер, дирижерлер, сценографтар мен костюм бойынша суретшілер қажет, деп хабарлады "Астана опера" театрының баспасөз қызметі. 


Дж.Вердидің күрделі шығармасының ұзақтығы үш сағатқа созылды. Итальяндық қоюшы режиссер, 2019 жылдың үздік режиссері санатында "Opera Star" сылығының иегері – Давиде Ливермор алғаш рет бұл операны Қазақстанда қойды. Опера кейіпкерлері – патша Филипп II, патшайым Елизавета Валуа, Родриго, Дон Карлос.

дон4.jpg

"Көрініс тарихи кезеңге құрылғанымен, спектакльді қатып қалған классика деп атау қиын. Театрдың заманауи техникалық мүмкіндіктері оны заман ағымына сай іс-қимылға толы етуге жол ашса, ал жарықты ойнату (күміс, қара, қызыл) бүгінгі таңда өзекті dark fantasy жанрын есімізге салды. Театр күмбездерінің астынан түсіп келе жатқан отқа оранған крест, тасқа қатқан Карл V сұлбасы, ішінде тұтқындары бар әуеде қалықтаған тор қапастар – мұның бәрі қиялға қанат бітірмей қоймайды. Ең жарқын көріністердің бірі – дінбұзарларды өртеу кезі, бұл рәсім өзінің шынайылығымен терең әсер етті, адамдардың шеккен азабы көзге ұрып тұрды", - делінген таартылған ақпаратта.

дон1.jpg

Елизаветта Валуа күрделі партиясында сахнада Жаннат Бақтай тамаша өнер көрсетті. Сопрано залдың үлкен қызығушылығын тудырды. Әнші музыкалық мәнерлілікті, қарқынды және баяу дауысқа бай төменгі және жоғарғы дауыстардың сұлулығын көрсетті. Әртістің барлық қимыл-қозғалысы жарасымды, патшайымдай маңғаз болғанына қарамастан биязы және нәзік көрінді.

Басты партия Дон Карлосты Қазақстан мен Жапонияның екі теноры – Медет Шотабаев пен Наоюки Окада орындады. Олар сомдаған қейіпкердің ішкі күйзелісін, оның Фландрияны құтқаруға деген шынайы ниетін жеткізе алды.

Сүндет Байғожин мен Талғат Мұсабаевтың сахналық шеберлігі мен тартымдылығы әртістерге адал және ізгі Родриго бейнесін жасауға мүмкіндік берді. Партия актерлік жағынан дұрыс әрі мінсіз, вокалдық жағынан әсерлі болды.

дон2.jpg

Бас дауысты партия – II Филиппті Евгений Чайников пен Барсег Туманян нанымды, жоғары деңгейде орындап шықты. Ұлы инквизитор – өте жуан бас дауыс иегерлері –– Михаил Гужов (Ресей) және Болат Есімханов өз кейіпкерінің өктемдігін керемет дәл жеткізе алды. Эболи ханшайым рөлінде Татьяна Вицинская мен Салтанат Мұратбекова тамаша өнер көрсетті. Монах – Шыңғыс Расылхан, Тайыр Тәжі, Тебальдо – Мадина Исламова, Назым Сағынтай, Аспан дауысы – Елена Ганжа, Әсем Сембина, Граф ди Лерма – Ерұлан Камел, Рамзат Балакишиев, Герольд – Рамзат Балакишиев, Ерұлан Камел өз партияларын керемет орындады.  

"Астана Опера" бас хормейстері Ержан Дәуітов жетекшілік еткен хор Патшайым бағы сахналық көрінісінде тамаша әсер қалдырды, сондай-ақ аутодафе көрінісі кезінде өте күшті болды. Көпшілік қатысатын көріністер қойылымның ауқымдылығын көрсетті, сахнаның кеңістігіне өзінің жігерлілігімен және тартымдылығымен бар болғаны бірнеше әртіс шыққан кезде олар камералық хорды алмастыра алды", - делінген таратылған ақпаратта.

дон3.jpg

Спектакль өзінің ауқымдылығымен және ғаламаттығымен үлкен әсер қалдырды. Операда көрсетілген барлық тарихи оқиғалар арасында адами сезім бірінші орында. Қойылым кез-келген тарихи дәуірде өзекті болып қала беретін жоғары құндылықтар, бостандық, махаббат туралы.


Өзгелердің жаңалығы