Елордада денсаулық сақтау бойынша халықаралық көрме ашылды
27 Қазан 2021, 11:03 62644

Елордада денсаулық сақтау бойынша халықаралық көрме ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада EXPО халықаралық көрме орталығында Денсаулық сақтау бойынша Astana Zdorovie 2021 17-ші қазақстандық халықаралық көрмесі өз жұмысын бастады. 

Көрмеде республиканың медициналық, зертханалық жабдықтар, шығыс материалдары, дәрілік препараттар  медициналық мақсаттағы тауарлар мен медициналық қызметтерді көрсетумен танысуға болады. 

Биыл халықаралық көрме ең бірінші кезекте бүкіл әлемдегі күрделі эпидахуалға байланысты жаңа міндеттер жағдайында өткізіліп отыр. Коронавирус пандемиясына байланысты медициналық ұйымдар КТ, рентген құралдары, ӨЖЖ аппараттары секілді заманауи меджабдықтармен шұғыл жабдықталғанын айта кеткім келеді. Сол үшін де бұл халықаралық көрменің жүгі ауыр. Көрме мен оның аясында өткізілетін іскерлік кездесулер мамандарға COVID-19-ды диагностикалау, емдеу, поствакциналық иммунитеттің түзілу ерекшеліктері тұрғысынан тәжірибе алмасу алаңына айналады деп сенемін, - деді көрменің ашылуында сөз алған Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой. 

Ауқымды шара шеңберінде пандемия мен өзге де қатерлер жағдайында денсаулық сақтау жүйесінің жұмыс істеуі талқыға түседі деп күтілуде. 

Сондай-ақ денсаулық сақтау саласы отандық медицина ел азаматтарының өмір сапасын арттыруға мазмұндық және құрылымдық тұрғыдан ықпал етеді.


Фото: дереккөз
Загрузка...