Елордада «Дарынды шәкірт, білікті ұстаздан» көрмесі өтті

26 Мамыр 2021, 21:05
6275
Бөлісу:
Елордада «Дарынды шәкірт, білікті ұстаздан» көрмесі өтті
EX PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының Бейнелеу өнері бөлімінде дарынды оқушылардың көрмесі ашылды.

Оқушылардың жыл бойы оқып үйренген жұмыстарының нәтижесін ата-аналар мен балалар онлайн форматта тамашалай алады. Көрмеге қойылған 500-ге тарта жұмыс өзінің алуан түрлілігімен және бірегей шығармашылығымен көздің жауын алады.

Елордада «Дарынды шәкірт, білікті ұстаздан» көрмесі өтті

Елордада «Дарынды шәкірт, білікті ұстаздан» көрмесі өтті

Бізде биыл оқу жылы оффлайн және онлайн түрде өтті. Сонда да балалардың үйірмелерге деген ынтасы, қызығушылы жылдан-жылға артып келеді. Балалардың саны жылда көбеюде. Карантиндік жағдайға байланысты қазір бір топтағы бала саны 15-тен аспайды. Десек те, балалар сабаққа жыл бойы үзбей келіп жатты. Осы бейнелеу өнері бөлімі биылғы оқу жылында екі республикалық байқауын өткізді. Бөлім жетекшісі мен ұстаздарға алғыс білдіреміз. Өйткені үлкен жұмыс атқарылғанын осы көрмеден айқын байқауға болады. Нұр-Сұлтан қаласы бір қадам болса да ілгері жүретінімізді көрсетіп, оқу жылын балаларымыздың осындай керемет, мақтан етерлік көрмесімен аяқтап отырмыз. Бұл көрмеде тек сурет ғана емес, балалардың қолынан шыққан киізден жасалған бұйымдар да бар. Мойынға салатын орамал мен әр-түрлі әшекейлер де осы жерден табылады. Соның барлығы білікті ұстаздардың үйретеуімен балалардың жасаған бұйымдары. Барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, көрмені онлайн түрде тамашалуға ата-аналар үшін мүмкіндік жасалады. Балалардың мерейі үстем болып, дарынды шәкірттеріміз көбейсін, - дейді Оқушылар сарайының директоры Раушан Ғаниқызы.

Елордада «Дарынды шәкірт, білікті ұстаздан» көрмесі өтті

Елордада «Дарынды шәкірт, білікті ұстаздан» көрмесі өтті

Оқу жылы барысында өткен екі байқауда да республика балаларының белсенділігі жоғары болған.

Елордада «Дарынды шәкірт, білікті ұстаздан» көрмесі өтті

Бізде әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының Бейнелеу өнері бөлімінде 2020-2021 жылы оқу жылында 650-ден аса бала қосымша білім алды. Біздің бөлімнің жетістігі - үлкен екі республикалық байқау өткіздік, оған 430-ден аса бала қатысты. Оның ішінде Маңғыстау, Ақтау, Атырау, Қызылорда, Алматы, Семей, Түркістан, Тараз қаласының оқушылары өте белсенді болды. Біріншісі көрме Тәулесіздігіміздің 30 жылдығына арналып «Ұлы даланың жеті қыры» деп аталса, екіншісі 7 мамырға орай ұйымдастырылған «Ұранды ердің – ұрпағы қайсар атты» байқауы. Екі байқау да онлайн форматты өтті. Бізде әр педагогта дарынды балалардың бір тобы бар. Осы оқу жылы бізде 200 ге жуық дарынды бала оқыды. Бүгінгі көрме сол дарынды балалардың еңбегінің нәтижесі, - дейді бөлім жетекшісі Гүлнар Жақыпқызы.
 Елордада «Дарынды шәкірт, білікті ұстаздан» көрмесі өтті

Көрмені тамашалауға келген Балауса есімді оқушы табиғат тақырыбындағы суреттер ерекше ұнағанын айтады.

Елордада «Дарынды шәкірт, білікті ұстаздан» көрмесі өтті

Елордада «Дарынды шәкірт, білікті ұстаздан» көрмесі өтті


Көрме маған өте ұнады. Осы суреттер шын жүректен салынғаны, әдемілікті ерекше көрсете білгені үшін маған ұнайды. Табиғатты бейнелеген суреттер ерекше әдемі, - дейді № 48 мектептің 5 сынып оқушысы Балауса Даниярқызы.
Оқушылар сарайының ұстазы Гүлшара Алтынсариева балаларға қолөнермен бірге, болашақта осы өнерден табыс көзін табу жолдарын үйрету де өте маңызды екенін айтады.

Елордада «Дарынды шәкірт, білікті ұстаздан» көрмесі өтті


Мен дарынды балалармен жұмыс жасаймын. Мұнда біз балаларды гуашь және майлы бояумен ғана жұмыс істетпей, біздің дәстүрлі ұлттық қолөнерді де үйретеміз. Мысалы жүнмен де сурет салуға болатынын көрсетіп, соған баулып келеміз. Қолөнердің бұл түрі бала мен ата-ана үшін де өте қызық. Жүнді илеп, киіз басу әдісімен үйретеміз. Дарынды балалар майлы бояумен де, акрилмен де сурет сала алады. Мысалы гуашьпен салудың да бірнеше техникасы бар, сабынмен, саусақпен дегендей, оның шегі жоқ. Соның бәрі балаларға жыл бойы тереңдетіліп оқытылады. Мысалы батик шарфын жасадық. Оқушылар жібекке жүнді бастыру техникасын да үйреніп шықты. Мен балаларға осы қөлөнерді үйреніп, табыс көзіне айналдыруға болатынын үнемі айтып отырамын. Кейбір оқушыларым тіпті арнайы парақшасын ашып, өз бұйымдарын сатып, аз да болса табыс көзіне айналдырып отыр. Менің мақсатым шәкірттеріме осы өнердің техникасын үйретіп, балалар үшін ықтимал болашақ табыс көзін көрсету, - дейді ұстаз Гүлшара Алтынсариева.
Елордада «Дарынды шәкірт, білікті ұстаздан» көрмесі өтті

Елордада «Дарынды шәкірт, білікті ұстаздан» көрмесі өтті

Ал осы бөлім ұстазы, Суретшілер Одағының мүшесі Өмірбек Тілеулиев кішкентай балалармен жұмыс істеген ерекше мейірімділікті қажет ететінін айтады.

Елордада «Дарынды шәкірт, білікті ұстаздан» көрмесі өтті

Мен осы көрскемсурет өнерімен жас кезімнен сонау 1977 жылдан бастап айналыса бастадым. Алматыда Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясында 20 жылға жуық ұстаз болдым. Осы астанаға келіп 2013 жылдан бері Оқушылар сарайы қабырғасында кішкентай балалармен жұмыс жасай бастадым. Үлкен студенттермен жұмыс істеу бөлек, кішкентай балалармен жұмыс істеу бөлек дүние екенін түсіндім. Әрбір кішкентай баланың көңілін, тілін тауып, оның қабілетін көре білу керек. Кейбір 4-5 жасар бала сабақта тіпті ата-анасын іздеп жылап қалатын кездер де болады, сол кезде барынша көңілін табуға тырасамыз. Десекте, осындай бүлдіршіндердің жасаған еңбектеріне мен риза боламын. Өйткені менің осы кішкентай қыздарым көптеген байқауларда лауреат атанды. Кішкентай баланың бір жақсы қасиеті болады. Олар қорықпай, шын жүрекпен таза жұмыс істейді. Қолына бояу мен қалам беріп қойсаңыз, тоқтаусыз, ешбір шектеусіз сурет сала алады. Жүрекпен салып, ішіндегісін шығара алады. Үйретіп, бағыт-бағдар беру біздің міндетіміз. Осы Оқушылар сарайында балалармен жұмыс істеп жүргеніме өте ризамын. Шет елдік көрмелерге қатысып, Кипрдегі байқаудан Күміс кілт жүлдесін алып келдім. Шетелдегі тәжірибемді үйренгенімді, түйгенімді осы балалар бойына сіңіреміз. Өнерде тоқтап қалмау және қорықпау керек. Қазір сурет салу реңін өзгерттім. Ашық түстер арқылы жарқын болашағымызды бейнелейміз. Болашағымыз жарқын болып, осы шәкірттеріміздің өскенін қалаймын, - дейді Өмірбек Тілеулиев.
Елордада «Дарынды шәкірт, білікті ұстаздан» көрмесі өтті

Елордада «Дарынды шәкірт, білікті ұстаздан» көрмесі өтті

Қыш және мүсін өнері де балалардың ерекше қызығушылығын тудырады.

Елордада «Дарынды шәкірт, білікті ұстаздан» көрмесі өтті

Бүгінгі қорытынды көрмеде бұрыннан тәлім алап келе жатқан балалармен қатар биыл ғана келген бүлдіршіндердің де жұмыстары бар. Жалпы кыш, мүсіндеу өнері моторикаға өте пайдалы. Ойлау қабілетін де жақсы дамытады. Денсаулыққа, жалпы жүйке жүйесіне де пайдасы зор. Мысалы менің Бақаева Кәмилә есімді оқушымның нәтижесі өте жақсы. Жалпы балалардың ынтасы өте жоғары. Балалар еңбек арқылы, өздерін тәрбиелейді, өйткені төзімділікке, шығармашылыққа үйренеді, - дейді Суретшілер Одағының мүшесі, Қыш және мүсіндеу үйірмесінің ұстазы Еркінбек Сатыбалдыұлы.

Елордада «Дарынды шәкірт, білікті ұстаздан» көрмесі өтті

Суретші ұстаз Қабдеш Шалқар Оқушылар сарайында қосымша білім алатын балалардың шығармашылығын дамытуға барлық жағдай жасалғанын айтады.

 Елордада «Дарынды шәкірт, білікті ұстаздан» көрмесі өтті

Осы сарайдағы әр бір білім алушы баланы баққытты деп санаймын. Сарайда барлық жағдай балалар үшін жасалған. Және көптеген жеңілдіктер де қарастырылған. Көп балалы, аз қамтылған т.б отбасылар балаларын тегін оқыта алады. Біз осындай жағдай жасалған мемлекетте тұрғанымыз үшін бақыттымыз. Болашақ ұрпақтарымызға барлық мүмкіндіктер жасалынған. Оқушылар сарайы бақытты балалар мекені десем де болады. Балалардың осы білім ордасынан қанаттары қатайып, биіктерді бағындырсын, - дейді Суретшілер Одағының мүшесі Қабдеш Шалқар.

Елордада «Дарынды шәкірт, білікті ұстаздан» көрмесі өтті

Елордада «Дарынды шәкірт, білікті ұстаздан» көрмесі өтті

Жас суретшілер қалалық,  республикалық  және халықаралық байқауларға қатысып жүлделі орындарға ие болды. Оқушылар сарайы тек Нұр-Сұлтан қаласының балалары үшін ғана емес, Қазақстанның барлық балаларының шығармашылық қабілеттерін шыңдауға жол ашуда.

Елордада «Дарынды шәкірт, білікті ұстаздан» көрмесі өтті

Елордада «Дарынды шәкірт, білікті ұстаздан» көрмесі өтті

Елордада «Дарынды шәкірт, білікті ұстаздан» көрмесі өтті


Өзгелердің жаңалығы