Бас жаңалықтар
Елордада Covid-19-ға қарсы дезинфекция жалғасуда
05 Маусым 2020, 16:45 174

Елордада Covid-19-ға қарсы дезинфекция жалғасуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда саябақтарында, қоғамдық орындарда, әлеуметтік нысандар, базарлар, сауда орталықтары, аялдамалар мен автобустарда, балалар алаңдарында және басқа да адамдар көп жиналатын жерлерде дезинфекция жалғасуда. 

Қалада 20 миллион шаршы метрден астам аумақ дезинфекцияланды. Дезинфекциялау жаяу және арнайы машиналардың көмегімен жүргізіледі. 

Covid-19 таралуына жол бермеу үшін дезинфекция жалғасуда. Сондай-ақ бұған әскери қызметкерлер, Қорғаныс министрлігінің қызметкерлері де жұмылдырылған. Осының бәрі қалалықтардың қауіпсіздігі үшін жасалады. Тұрғындарға карантиннің жеңілдетілген режиміне байланысты қоғамдық орындарға, саябақтар мен бақтарға баруға рұқсат етілген. Біз аталған орындарды мұқият дезинфекциялаймыз. Тұрғындарды барлық санитарлық ережелерді сақтауға шақырамын. Өзіңізді қорғай отырып, басқаларды да қорғай аласыз, – деп атап өтті Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы басшысының орынбасары Алмаз Рысалиев.

Елорда тұрғындары қатаң санитарлық нормаларды сақтауы қажет: маска киіп жүру, қашықтық сақтау, антисептик пайдалану. Санитарлық нормалар бұзылған жағдайда қала қатаң карантин режиміне қайта ауысуы мүмкін.



Фото: дереккөз
Загрузка...