Елордада бокстан қала чемпионаты өтіп жатыр

30 Қыркүйек 2021, 11:17
7552
Бөлісу:
Елордада бокстан қала чемпионаты өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада бокстан чемпионат өтуде, оның қорытындысы бойынша үздіктері Нұр-Сұлтан қаласының құрамасына ілігеді. 

 Турнир Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қайрат Манашевтің 60 жылдығына арналып отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Чемпионатта 17 және одан жоғары жастағы 100 спортшы күш сынасып жатыр.

Біріншіліктің салтанатты ашылу рәсімінде елордалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Ерғалиев мерейтой иесін құттықтап, елорда әкімі Алтай Көлгіновтің құттықтау хатын табыс етті.

Бұл жарыс елорда құрамасын қалыптастыруға септігін тигізеді. Сондай-ақ, оның жеңімпаздары республикалық және халықаралық жарыстарға елорда атынан қатысады, - деді ол.

Әйгілі жаттықтырушы Қайрат Манашев өз сөзінде талантты шәкірттер ұстазының жұмысын жеңілдетіп қана қоймай өмірін ұзартатынын айтты.

Әр спортшыға жекелеген тәсіл табу қажет, жаттықтырушылар жұмысындағы ең бастысы – шыдамдылық. Шыдамдылық пен еңбек – чемпиондардың құпиясы, – деп есептейді Қайрат Манашев.

Турнир фавориттерінің бірі Оралбек Әбдіқадіров бірінші жекпе-жектегі жеңісінен алған әсерімен бөлісті.

Ата-анам 10 жасымда алғаш рет жаттығуға алып келді. Содан рингтегі жекпе-жектер ұнайтынын байқады. Бұл жарыста финалға жолдама алдым. Кез келген спортшы сияқты үлкен жетістіктерге жетіп, Олимпиада чемпионы болуды армандаймын, - дейді Оралбек.

Турнир санитарлық нормалар мен карантин талаптарын қатаң сақтай отырып өткізіледі.

Өзгелердің жаңалығы