Елордада Әбіш Кекілбайұлы атындағы көше ашылды

6 Желтоқсан 2019, 11:34
6267
Бөлісу:
Елордада Әбіш Кекілбайұлы атындағы көше ашылды
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының атына көше берілді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Жаңа көшенің ашылуына абыз жазушының аяулы жары Клара Жұмабаева, мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, академик, ғалым Кенжеғали Сағадиев, Парламент мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов қатысты.

image-06-12-19-10-20-3.jpeg

Кеше ғылыми конференцияда Әбіш ағаның жолы туралы біраз әңгіме айтылды. Ал бұл күн үлкен қуанышты сәт деп ойлаймын. Себебі Тұңғыш президентіміздің ұсынысымен осы Еуразияның төріне, Сарыарқаның төсінде керемет жаңа астанамыз салынды. Елбасының көтерген ұсынысына өзінің тілегін қосып, шын жүрегімен ниетін білдіріп, қолдау көрсеткен Әбіш ағаның атындағы көшенің ашылуына қатысып отырмыз. Қазақтың осындай біртуар, абыз азаматы болғанға шүкір етуіміз керек. Осы көшенің бойынан өткен өскелең ұрпақ Әбіш Кекілбайұлының кім екенін, Нұр-Сұлтан қаласының не үшін салынғанын ескеріп, тәуелсіздігіміздің баянды болуына өз үлесін қосады деп ойлаймын, - деді Қырымбек Көшербаев.
image-06-12-19-10-21-2.jpeg

image-06-12-19-10-21.jpeg

Осыдан кейін сөз алған қала әкімі Алтай Көлгінов бұл істі тарихи оқиғаға балап, жазушының құрметіне орай бүгін ас беріліп, еске алу кеші өтетінін мәлім етті.

image-06-12-19-10-20.jpeg

Бүгін Әбіш Кекілбайұлының атындағы көшенің ашылуына Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналып отырмыз. Бұл – тарихи оқиға. Елбасының қасында жылдар бойы серік болып жүріп, қазақ елінің мәңгілік ел жасауына үлкен еңбек еткен ағамыздың есіміне көше атауы беріліп отыр. Бүгін Әбіш ағаға көше атын беру, ас беру, ал кешке ас беру рәсімі өтеді. Бұл – мемлекетіміздің мәдениет қайраткерлеріне, біздің жазушыларға, қазақ елінің бірлігін, ынтымағын көтеріп жүрген азаматтарға үлкен құрмет. Әбіш ағаның ұрпағы жасай берсін. Бәріңізге береке-бірлік тілейміз. Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік болсын, - деді Алтай Көлгінов.
image-06-12-19-10-20-5.jpeg

image-06-12-19-10-21-4.jpeg

image-06-12-19-10-21-5.jpeg

Өзгелердің жаңалығы